Портал правительства Москвы

Памятка для иностранцев (Казахский язык)

Лаңкестік әрекеттерге қатысқаны және көмектескені үшін жауапкершілігін белгілейтін Ресей Федерациясының заңнама нормаларын шетелден келген азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға түсіндіру

ЖАДЫНАМАСЫ

Құрметті шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар!

Лаңкестікке байланысты төмендегі әрекеттерге жол берілмейтінін Сізге ескертеміз: қаржыландыру, халықаралық лаңкестік ұйымдар қатарына ену (қатысу), қандай да бір көмек көрсету, сондай-ақ лаңкестік сипаттағы қылмыстарды жасағаны туралы Сізге белгілі деректерді жасыру және ол туралы полицияға, Федералды қауіпсіздік қызметіне, прокуратураға, басқа да мемлекеттік органдарға хабар бермеу. Жоғарыда аталған қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жаза, тіпті өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

06.03.2006 жылғы №35-ФЗ «Лаңкестікке қарсы әрекеттер туралы» Федералды заңға сәйкес, лаңкестік зорлық-зомбылық идеологиясы және мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың халықты қорқытуға қарсы және (немесе) құқыққа қайшы әрекеттердің басқа да түрлеріне, яғни айтарлықтай материалдық шығын келтіру немесе басқа ауыр салдардың болуына байланысты шешім қабылдауына ықпал ету тәжірибесі болып мойындалады.

Лаңкестік әрекеттер мынандай әрекеттерді қамтиды:

1) лаңкестік әрекеттерді ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, қаржыландыру және іске асыру;

2) лаңкестік әрекеттер жасауға итермелеу;

3) лаңкестік әрекеттерді іске асыру үшін ұйымдасқан топтардың заңсыз қарулануын, қылмыстық топтарды (қылмыстық ұйымдарды) ұйымдастыру және осындай құрылымдарға қатысу;

4) терроршыны тарту, қаруландыру, үйрету және пайдалану;

5) лаңкестік әрекеттерді жоспарлауда, дайындауда немесе іске асыруда ақпараттық не басқа да көмек беру;

6) лаңкестік идеяларды насихаттау, лаңкестік әрекеттерді жасауға үгіттейтін не осындай әрекеттерді негіздейтін және осындай әрекеттерді іске асыру қажеттілігін ақтаушы ақпараттарды немесе материалдарды тарату.

Билік органдарының не халықаралық ұйымдардың әрекеттерін тұрақсыздандыру немесе олардың шешім қабылдауына ықпал ету үшін жарылыс жасау, өртеу немесе халықты қорқытатын және адам өліміне әкелетін басқа да әрекеттер, айтарлықтай мүліктік залал келтіру не ауыр салдарының болуы, сондай-ақ осы мақсатта аталған әрекеттерді жасау қаупі лаңкестік әрекеттер болып танылады.

Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің «Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар» бөлімі ауқымды. Бөлімнің баптарында лаңкестік сипаттағы қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.

205-бап. Лаңкестік әрекеттер

1. Билік органдарының не халықаралық ұйымдардың әрекеттерін тұрақсыздандыру немесе олардың шешім қабылдауына ықпал ету үшін жарылыс жасау, өртеу немесе халықты қорқытатын және адам өліміне әкелетін басқа да әрекеттер, айтарлықтай мүліктік залал келтіру не ауыр салдарының болуы, сондай-ақ осы мақсатта билік органдарының не халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал еткен жағдайда

он жылдан он бес жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады .

2. Осы әрекеттерді:

а) алдын-ала келісіп жасаған топтар немесе ұйымдасқан топтар;

б) абайсызда адам өліміне әкелген;

в) айтарлықтай мүліктік залал келтірген немесе басқа да ауыр салдар туындаған жағдайда

он екі жылдан жиырма жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөлімінде қарастырылған әрекеттер егер:

а) атом энергиясын пайдалану нысандарына қастандық жасалумен, ядролық материалдарды, радиоактивті заттектерді не радиоактивті сәуле көздерін немесе улы, уландырғыш, уытты, қауіпті химиялық не биологиялық заттектерді пайдаланумен байланысты болса;

б) қасақана адам өліміне әкелсе,

он бес жылдан жиырма жылға дейін мерзімге немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.

Ескерту. Лаңкестік әрекеттерді дайындауға қатысқан тұлға егер де алдын-ала билік органдарына ескертсе немесе лаңкестік әрекеттердің алдын алу мақсатында басқа әдістерді жасаса және осы тұлғаның әрекеттерінде басқа қылмыстық құрам болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

205.1-бап. Лаңкестік әрекеттеге көмектесу

1. РФ ҚК-нің 220, 221, 277, 278, 279 және 360 баптарында, 211-баптың бірінші-үшінші бөлімдерінде, 208-бапта, 206-баптың бірінші және екінші бөлімінде, 205.2-баптарда қарастырылған қылмыстардың ішінде тым болмаса біреуін жасауға тұлғаны бейімдеу, итермелеу немесе басқадай қатыстыру, аталған қылмыстардың ішінде біреуін жасау мақсатында тұлғаларды қаруландыру немесе дайындау жағдайында

бес жылдан он бес жылға дейін мерзімге бес жүз мың рубльге дейін айыппұл төлетумен бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады .

1.1. РФ ҚК 211-баптың үшінші және төртінші бөлімінде, 205, 205.3, 205.4, 205.5 баптарында қарастырылған қылмыстардың ішінде тым болмаса біреуін жасауға тұлғаны бейімдеу, итермелеу немесе басқадай қатыстыру, аталған қылмыстардың ішінде біреуін жасау мақсатында тұлғаларды қаруландыру немесе дайындау, сондай-ақ лаңкестікті қаржыландыру жағдайында

сегіз жылдан он бес жылға дейін мерзімге үш жүз мыңнан бастап, жеті жүз мыңға дейін айыппұл төлетумен немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады .

2. Осы баптың бірінші немесе бірінші.1 бөлімде қарастырылған әрекеттерді өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып жасаған тұлғалар

он жылдан жиырма жылға дейін мерзімге бес жүз мыңнан бір миллион рубльге дейін көлемде айыппұл төлетумен немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.

3. РФ ҚК 208-баптың бірінші бөлімінде, 206-баптың үшінші бөлімінде, 205-бапта қарастырылған қылмыстардың тым болмаса біреуін жасауға көмектесу жағдайында

он жылдан жиырма жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.

4. РФ ҚК 211-баптың төртінші бөлімінде, 206-баптың үшінші және төртінші бөлімінде, 205.3, 205-баптарда қарастырылған қылмыстардың ішінде тым болмаса біреуін жасауды ұйымдастыру немесе оны жасауға жетекшілік ету, сондай-ақ лаңкестікті қаржыландыруды ұйымдастыру жағдайында

он бес жылдан жиырма жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.

Ескерту. 1. РФ ҚК-де лаңкестікті қаржыландыру РФ ҚК 205, 205.1, 205.2, 205.3, 205.4, 205.5, 206, 208, 211, 220, 221, 277, 278, 279 және 360 баптарында қарастырылған қылмыстардың ішінде тым болмаса біреуін ұйымдастыруға, дайындауға немесе жасауға арналған екенін ұғына отырып, ақша беру не жинау, қаржылай қызмет көрсету немесе осы қылмыстардың ішінде тым болмаса біреуін жасау мақсатында тұлғаны қаржыландыру не материалдық жағынан қамтамасыз ету, осы қылмыстардың ішінде тым болмаса біреуін жасау үшін құрылған ұйымдасқан топтарды, заңсыз қаруландыру, қылмыстық топтарды (қылмыстық ұйымдарды) қаржылай қамтамасыз ету деп түсініледі.

1.1. Осы бапта кеңес беру, бұйыру, ақпарат, қаржы немесе қылмыс жасау үшін қару-жарақ беру не оны жасауға кедергі келтіретін әрекеттерді жою арқылы қылмыс жасауға, сондай-ақ қылмыскерді, қаржыны не қылмыс жасау үшін берілген қару-жарақты, қылмыстың іздері мен қылмыс жасау арқылы алынған заттарды, сонымен бірге, осындай заттарды сатып алу не сатуды жасыруға уәде беру қасақана көмектесу деп түсініледі.

205.2-бап. Көпшілікті лаңкестік әрекеттерді жасауға шақыру, лаңкестікті көпшіліктің алдында ақтау немесе лаңкестікті насихаттау

1. Көпшілікті лаңкестік әрекеттерді жасауға шақыру, лаңкестікті көпшіліктің алдында ақтау немесе лаңкестікті насихаттау әрекеттері

екі жылдан бес жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.

2. Бұқаралық ақпарат құралдары мен электронды немесе ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді, оның ішінде «Ғаламторды» пайдаланып, жоғарыда аталған әрекеттерді жасаған жағдайда

бес жылдан жеті жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады .

Ескерту. 1. Осы бапта көпшіліктің алдында лаңкестікті ақтау лаңкестік идеология мен тәжірибесін дұрыс, қолдау көрсетуді және еліктеуді қажет ететінін мойындау туралы көпшілік алдында жариялау деп түсініледі.

1.1. Осы бапта лаңкестікті насихаттау тұлғаның бойында лаңкестік идеологияны қалыптастыруға, оның тартымдылығына көз жеткізуге немесе лаңкестік әрекеттерді жасауға болатыны туралы ақпараттар беруге бағытталған материалдар және (немесе) ақпараттарды тарату бойынша әрекеттер деп түсініледі.

2. Осы бапта лаңкестік әрекеттер РФ ҚК 205-206, 208, 211, 220, 221, 277, 278, 279, 360, 361 баптарында қарастырылған қылмыстардың ішінде тым болмаса біреуін жасау деп түсініледі.

205.3-бап. Лаңкестік әрекеттерді жасау мақсатында оқыту

РФ ҚК 205.1, 206, 208, 211, 277, 278, 279, 360 және 361 баптарында қарастырылған қылмыстардың ішінде үйренушінің қылмыстың біреуін жасау немесе лаңкестік әрекеттерді іске асыру мақсатында өткізетін оқулары үшін, оның ішінде білім алу, психологиялық және физикалық дайындық барысында тәжірибелік дағдыларды меңгеру, аталған қылмыстарды жасау әдістерін оқытқанда, қару-жарақты, жарылыс, жарғыш, уландырғыш құрылғыларын, сондай-ақ айналадағыларға қауіп төндіретін заттар мен заттектерді пайдалану ережелерін үйреткені үшін

он бес жылдан жиырма жылға дейін мерзімге немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.

Ескерту. Осы бапта қарастырылған қылмысты жасаған тұлға билік органдарына лаңкестік әрекеттерді іске асыру мақсатында өткізілетін оқулар немесе РФ ҚК 205.1, 206, 208, 211, 277, 278, 279, 360 және 361 баптарында қарастырылған қылмыстардың ішінде біреуін жасайтыны туралы хабарласа, жасалған қылмысты ашуға не осындай оқуды қаржыландырған, ұйымдастырған, өткізген, осы оқудан өткен тұлғаларды, сондай-ақ оқуды өткізу орындарын анықтауға көмектессе және оның әрекеттерінде қылмыстық құрам болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

205.4-бап. Лаңкестік қауымдастықты ұйымдастыру және оған қатысу

1. Лаңкестік қауымдастықты, яғни алдын-ала біріккен тұрақты топтарды кұру, яғни лаңкестік әрекеттерді іске асыру немесе РФ ҚК 205.1, 205.2, 206, 208, 211, 220, 221, 277, 278, 279, 360 және 361 баптарында қарастырылған қылмыстардың ішінде біреуін не бірнешеуін дайындау не жасау мақсатында, лаңкестікті насихаттау, ақтау және қолдау, сондай-ақ осындай лаңкестік қауымдастыққа, оның бөлімдеріне не осындай қауымдастықтың құрамына енетін құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік ету

он бес жылдан жиырма жылға дейін мерзімге бір миллионға дейін айыппұл төлетумен немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады .

2. Лаңкестік қауымдастықтың құрамында болған жағдайда

бес жылдан он жылға дейін мерзімге бес жүз мың рубль көлемінде айыппұл төлетумен бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.

Ескерту. 1. Лаңкестік қауымдастық құрамынан өз еркімен шыққан және ол қауымдастық туралы хабарлаған тұлға егер оның әрекеттерінде басқа қылмыстық құрам болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Тұлғаға қатысты тергеу немесе процессуалдық амалдар жүргізілген сәтте не басталғаннан кейін өз еркімен қоғамдастықтан бас тартуы мойындалмайды.

2. Осы баптың РФ ҚК 205.2-баптағы ескертуде және 63-баптың бірінші бөліміндегі «р» тармағында лаңкестік әрекеттерге қолдау көрсету материалдық, қаржылық немесе лаңкестік әрекеттерді іске асыруға ықпал ететін кез келген басқа көмек көрсету деп түсініледі.

205.5-бап. Лаңкестік ұйымдардың жұмыстарын ұйымдастыру және осындай ұйымдастыру жұмыстарына қатысу

1. Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес, лаңкестік боп танылған ұйымдардың жұмыстарын ұйымдастырған жағдайда

он бес жылдан жиырма жылға дейін мерзімге бір миллион рубль көлемінде айыппұл төлетумен немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады .

2. Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес, лаңкестік деп танылған ұйымдардың құрамында болған жағдайда

он жылдан жиырма жылға дейін мерзімге бес жүз мың рубль көлемінде айыппұл төлетумен бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.

Ескерту. Осы бапта қарастырылған қылмысты бірінші рет қылмыс жасаған және өз еркімен Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес, лаңкестік деп танылған ұйымдағы әрекеттерін тоқтатқан тұлға егер оның әрекеттерінде басқа қылмыстық құрам болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Тергеу немесе процессуалдық амалдар жүргізілген сәтте не басталғаннан кейін Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес, лаңкестік деп танылған ұйымнан өз еркімен шығуы мойындалмайды.

208-бап. Заңсыз қаруландыруды ұйымдастыру немесе оған қатысу

1. Федералды заңда қарастырылмаған заңсыз қаруландыруды құру (бірлестіктер, жасақтар немесе басқа топтар), сондай-ақ осындай ұйымға жетекшілік ету не қаржыландыру жағдайында

он жылдан жиырма жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады .

2. Федералды заңда қарастырылмаған қарулы қақтығысқа қатысу, сондай-ақ Ресей Федерациясының мүдделеріне қарама-қайшы келетін мақсатта шетел мемлекетінің заңында қарастырылмаған сол аумақта қарулы қақтығысқа қатысқан жағдайда

сегіз жылдан он бес жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.

211-бап. Әуе кемесін немесе су көлігін, теміржолдың жылжымалы құрамын айдап әкету

4-бөлім. Лаңкестік әрекеттерді іске асыру немесе жасауға байланысты әуе кемесін немесе су көлігін, теміржолдың жылжымалы құрамын айдап әкету, сондай-ақ айдап әкету мақсатында осындай кемені немесе құрамды басып алу жағдайында

он бес жылдан жиырма жылға дейін мерзімге немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.

277-бап. Мемлекет немесе қоғам қайраткерінің жеке өміріне қол сұғу

Мемлекет немесе қоғам қайраткерінің мемлекеттік не басқа саяси қызметін тоқтату немесе осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жеке өміріне қол сұққан жағдайда

он екі жылдан жиырма жылға дейін мерзімге немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру не өлім жазасымен жазаланады .

278-бап. Билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстау

Ресей Федерациясы Конституциясына қарсы билікті күшпен басып алуға немесе билікті күшпен ұстауға, сондай-ақ Ресей Федерациясының конституциялық құрылымын күшпен өзгертуге бағытталған әрекеттер

он екі жылдан жиырма жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.

279-бап. Қарулы бүлік

Ресей Федерациясының конституциялық құрылымын күшпен өзгерту немесе құлату, Ресей Федерациясының аумақтық бүтіндігін бұзу мақсатында қарулы бүлікті ұйымдастыру немесе оған белсенді қатысу жағдайында

он екі жылдан жиырма жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.

360-бап. Халықаралық қорғаудағы тұлғалар мен мекемелерге шабуыл жасау

1. Халықаралық қорғаудағы шетел мемлекетінің өкіліне немесе халықаралық ұйымның қызметкеріне, сондай-ақ қызметтік немесе тұрғын үй-жайларына, халықаралық қорғаудағы тұлғалардың көлік құралдарына шабуыл жасау жағдайында

екі жылдан алты жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.

2. Соғысуға арандату немесе халықаралық қатынастарды қиындату мақсатында осындай әрекеттерді жасау жағдайында

бес жылдан он жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.

Егер Сізге қандай да лаңкестік әрекетті ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, лаңкестік әрекет жасауға айдап салу, қандай да көмек көрсету, сонымен қатар қаржыландыру, халықаралық лаңкестік ұйымдардың қатарына кіру (еліктіру), лаңкестік идеологияны насихаттау, мұндай әрекеттерге шақыратын немесе жасалуын ақтайтын әртүрлі материалдар мен ақпараттарды тарату фактілері белгілі болса

НЕМҚҰРАЙЛЫ БОЛМАҢЫЗ!

бұл туралы келесі телефондарға хабарлаңыз:

Ресейдің ФҚҚ:

8 (495) 224-22-22 8 (800) 224-22-22 (тәулік бойы)

Мәскеу қаласы және Мәскеу облысы бойынша

Ресейдің ФҚҚ Басқармасы

8 (495) 625-28-19 (тәулік бойы)

Мәскеу қаласы бойынша Ресейдің ІІМ ББ

Сенім қызметі

8 (495) 694-92-29 (тәулік бойы)

Мәскеу қаласы Прокуратурасының жедел желісі

8 (499) 112-37-55 (күн сайын 8:00-ден 21:00-ге дейін)

немесе Жеке меншік күзет ұйымының кез келген қызметкеріне

Мәскеу қаласы бойынша Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігі Бас басқармасының Экстремизмге қарсы әрекеттер жөніндегі орталығы


Если вы нашли ошибку: Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter